32-Тақырып: Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері және алдын алу шаралары

Тыныс алу жүйесі — мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар және өкпеден тұрады. Бұл мүшелердің негізгі міндеті – ағзаға оттек кіргізіп, көмірқышқыл газын шығару. Егер осы мүшелер зақымданса, адам дұрыс дем ала алмайды.

Тыныс алу мүшелерінің ауруларына себеп болады:
  • Вирустар
    Тірі жасушаның ішінде ғана көбейетін өте ұсақ қоздырғыштар. Олар тұмау, қызылша сияқты ауруларды тудырады. Вирус ағзаға түскенде жасушаларды зақымдап, әлсіздік пен қызу көтеруді туғызады.
  • Саңырауқұлақтар
    Бір жасушалы, өздігінен көбейе алатын микробтар. Олар ангина, туберкулез, пневмония сияқты ауруларға себеп болуы мүмкін. Кейбір бактериялар пайдалы болса, кейбіреуі адам ағзасына зиян келтіреді.
  • Бактериялар
    Саңырауқұлақ қоздырғыштары теріде, тырнақта және шырышты қабаттарда көбейеді. Олар көбінесе ылғалды ортада тез таралып, қышыну, қызару, қабыршақтану белгілерін тудырады. Иммунитет төмендегенде саңырауқұлақтар ағзаны әлсіретеді.
Берілген ауру түрлерін олардың негізгі себептерімен сәйкестендіріңіз
  1. Тұмау
  2. Бронхиалды астма
  3. Өкпе қабыну (пневмония)
  4. Терінің саңырауқұлақтық аурулары

A. Саңырауқұлақ споралары

B. Аллергендер (шаң, тозаң, жануар түгі)

C. Вирустар

D. Бактериялар

Сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңыз.
(шаң-тозаң, күл, вирус, бактерия, аллергия)
Made on
Tilda