§2. Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу
Ұлпа деген не?
Ұлпа - құрылымы мен қызметі ұқсас жасушалар тобы. Олар бірігіп, ағзада белгілі бір қызмет атқарады. "Яғни, олар жасушалардан құралған команда сияқты. Әр топ өз жұмысын атқарады: бірі қорғайды, бірі қоректендіреді, бірі қозғалысты қамтамасыз етеді.
«Жасушалар кеңесі»

Елестет: Сен бір ағзаның ішінде өмір сүріп жатқан "жасушалар кеңесінің" мүшесісің. Кеңесте әр түрлі ұлпалардан өкілдер келіп отыр. Әр ұлпа өзінің маңыздылығын дәлелдеуі керек.
Сен – кеңес жүргізушісісің және келесі сұрақтарға жауап беріп, шешім қабылдауың керек:
Егер денедегі барлық ұлпа жоғалып, тек біреуі қалатын болса, қай ұлпаны таңдар едің? Неге?

(Өз таңдауыңды дәлелде, оның ағза үшін ең маңызды 2 қызметін ата)
Егер өсімдік тек бір ұлпа түрімен ғана өссе, қай ұлпаны таңдар едің?

(Мысалы: тек жабын ұлпа немесе тек өткізгіш ұлпа)
– Бұл жағдайда өсімдіктің өмірінде қандай өзгерістер болар еді?
Ұлпалар адам денесіндегі мамандық иелері болса, қай ұлпа қандай маман болар еді?

(Мысалы: бұлшықет ұлпасы – құрылысшы, жүйке ұлпасы – хат тасушы т.б.)
Ұлпалар туралы қызықты деректер
  • Бамбук

    Әлемдегі ең тез өсетін өсімдік.

    Оның өткізгіш және негізгі ұлпалары өте белсенді жұмыс істеп, бір тәулікте 90 см-ге дейін өседі!

  • Кактус
    Суды сақтауға арналған нағыз вакуольдері мен негізгі ұлпалары өте жақсы дамыған.
    Ол бірнеше ай бойы сусыз тіршілік ете алады
  • Тамырдың ұшындағы бөліну ұлпасы
    Күн сайын мыңдаған жаңа жасуша түзеді.
    Ол өсімдіктің өсу "фабрикасы" іспеттес.
Made on
Tilda