Тақырып: §5 Нәруыздар. Олардың қасиеті мен қызметі
Нәруыздар қандай заттар?
Нәруыздар – мономерлері аминқышқылдары болып табылатын биополимерлер. Тірі ағзалардың нәруыздарының құрамына аминқышқылдарының 20 түрі кіреді. Нәруыздардың молекуласы қалыптасқан кезде аминқышқылдары белгілі бір ретпен химиялық байланыспен қосылады. Бірақ аминқышқылдарының қосылу реті ДНҚ-да жазылған және тұқым қуалау ақпараты деп аталады.
Үйге тапсырма: Аталған нәруыздардың әрқайсысының рөлін талдаңдар: коллаген, фибрин, пепсин, гемоглобин, оссеин, инсулин, меланин, актин, миозин.