§8 Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер
Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктердің бөлімдері даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер болып екі класқа бөлінеді. Осы екі класқа жататын өсімдіктердің айқын айырмашылығы бар.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер
Маңызды ақпарат: Жолжелкенде даражарнақтылардың белгісі бар, бірақ қосжарнақтыларға жататын өсімдік. Ал қарғакөзде, керісінше, қосжарнақтылардың белгісі бар, бірақ ол даражарнақтыларға жатады.
ТАПСЫРМА
Сыныпта не үйде бар өсімдіктердің тұқымын не жапырағын қарастырып, оларды дара немесе қосжарнақты топқа жатқызыңыз.
Нұсқау:
  1. Өсімдіктің аты
  2. Белгілері (жапырақ жүйкесі, тұқым құрылысы)
  3. Қай топқа жатады?
Made on
Tilda