Жаңа туған нәрестеде тістері болмайды. Алғашқы тістері 6–9 айында шыға бастайды.
Әрбір жақ сүйекте 10 тістен барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістерді сүт тістер деп атайды және бала 3 жасқа толғанға дейін толық шығып бітеді. Сүт тістер 6–7 жасқа қарай түсе бастайды. Олардың орнына тұрақты тістер шығады.