§ 14. Дәрумендер - Олардың сипаттамасы және жіктеу

Дәрумендер (витамин; лат. вита – тіршілік) – тіршілік етуге қажет ерекше органикалық заттар. Дәрумендердің биологиялық белсенділігі өте жоғары. Барлық дәрумендер белгілі бір үдеріске қана емес, ағзадағы үдерістер кешеніне әсер етеді.

Дәрумендерді 1880 жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин ашты. Ол эксперименттік жолмен жануарлардың қорегінің құрамында нәруыздар, майлар, көмірсулар және су мен минералды тұздармен қатар, дәрумендер болуы керек екенін дәлелдеді. «Витамин» деген терминнің өзі 1912 жылы пайда болды.


Дәрумендердің атауы латынның бас әріптерімен белгіленеді. Мысалы, А,­В,­С,­D және т.б. Кейде әріптердің қасына сандар жазылады. Бұл цифрлар дәрумендердің ашылу ретін көрсетеді. Мысалы, В1,­В2,­В6,­В12 және т.б.
Дәрумендердің ағзадағы мөлшері
  • Гипервитаминоз
    Дәрумендерді шамадан көп пайдалану
    Дәрумендердің шамадан тыс көптігі улануға, бауыр мен бүйрек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.
  • Гиповитаминоз
    Дәрумендердің жетіспеушілігі
    Дәрумендердің жеткіліксіздігі шаршағыштық, терінің құрғауы, тәбеттің төмендеуімен байқалады.
  • Авитаминоз
    Қандай да бір дәруменнің ұзақ уақыт болмауы
    Дәрумендердің мүлде болмауы, нәтижесінде көздің көруі нашарлап, иммунитет төмендейді.
Есептер
Есеп 1:
Қала маңындағы орман жыл сайын 5000 тонна көмірқышқыл газын сіңіреді. Егер орман аумағы 30%-ға азайса, қанша тонна СО₂ сіңірілмей қалады?
5000 тонна × 30% = 1500 тонна СО₂ сіңірілмей қалады.
Ауылда бір адамның тәулігіне 150 литр су тұтынатыны белгілі. Егер ауылда 1200 адам тұрса, 1 жылда қанша су қолданылады?
1200 × 150 × 365 = 65 700 000 литр (немесе 65 700 м³) су қолданылады.
Дәптермен жұмыс: Тамақ өнімдерінде дәрумендерді сақтау жолдарын сызба түрінде көрсетіңіз
Made on
Tilda