Адам ағзасының ішкі ортасы негізгі үш сұйықтықтан: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығынан тұрады. Ағзаның осы үш сұйықтық ортасының өзара әрекеттесуі дене жасушаларын барынша оттекпен әрі қоректік заттармен қамтамасыз етуге және оны керексіз затардан тазартуға бағытталған.
Ағзаның ішкі ортасы
Қан
жүрек пен қан тамырлары арқылы қозғалып, ағзаның барлық бөліктерін байланыстырады. Қызметтері:Тасымалдау, қорғаныштық – ауру тудыратын микробтармен күреседі (ақ қан жасушалары – лейкоциттер), термореттеу – дене температурасын тұрақты ұстайды.
Лимфа
ағзадағы мөлдір, түссіз сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Денені микробтардан қорғайды, артық сұйықтықты ұлпалардан жинап, оны қайтадан қанға өткізеді.
Ұлпа сұйықтығы
қаннан сүзілген сұйықтық, ол жасушалар арасындағы кеңістікті толтырып, қоректік заттар мен оттекті жасушаларға жеткізеді.
Гомеостаз – қоршаған ортаның өзгеруіне қарамастан ағзаның өз көрсеткіштерінің тұрақтылығын сақтайтын жалпы қасиеті.
Қан
Ағзаның сұйық ортасы
Сұйық дәнекер ұлпа. Ол қан тамырларында болады, қызыл түсті. Адам ағзасында шамамен 5 литр қан бар. Қанның басты қызметі – зат тасымалдау.
1
Ұлпа сұйықтығы
Жасушалар арасындағы қуысты толтырады. Түссіз. Қоректік заттар мен оттек қан капиллярларының қабырғасы арқылы өтіп, алдымен жасушааралық сұйықтыққа, сосын ағза жасушаларына түседі. Мөлшері 15-20 л.
2
Лимфа
Мөлдір, сарғыш түсті. Лимфа тамырларында болады. Басты қызметі – жасушааралық сұйықтықты кері қанға қайтару. Микробқа қарсы сүзгі сияқты жұмыс істейді.
3
Үйге тапсырма:
«Гомеостаз» түсінігі жалпы ағзаүстілік сипатқа ие екенін мысалдар келтіріп дәлелдеңіз. Жасушада, популяция, түр, биогеоценоз, экожүйе, қауымдастық деңгейінде гомеостаздың болатынын дәлелдеңіз.