Қанның қызметін тасымалдау, қорғаныш және гуморальдық деп 3 топқа бөлуге болады
Тасымалдау қызметі
Қанның қызметі
Оттекті тасымалдайды; қоректік заттарды жасушаларға жеткізеді; жасушалардан зиянды заттарды шығарып тастайды; ыдырау өнімдерін сыртқа шығару мүшелеріне тасымалдайды; бауыр және бұлшық еттегі жылуды тері мен өкпеге тасымалдайды.
1
Қорғаныш қызметі
ағзаны зиянды заттардан және ауру тудыратын микроағзалардан қорғайды; микроағзалармен күресетін заттарды қалыптастырады; дене температурасының тұрақтылығын сақтайды; жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді.
2
Гуморальдық қызмет
Ішкі секреция бездерінен бөлінген заттарды тасымалдайды.
3
Қан дене массасының 6–8%-ын құрайды. Ол сұйық бөлік – плазма (55%) мен қатты тұнбаға – қан жасушаларына (45%) жақсы бөлінеді.
Плазма 90% судан тұрады. Плазма құрамындағы су заттардың тасымалы мен жылу алмасуды жүзеге асырады.
Плазмада тұрақты концентрацияда – 0,9% тұздар (NаСl және т.б.) болады. Осылай қан жасушаларының қалыпты күйі қамтамасыз етіледі. Олардың физиологиясы сақталады, сондықтан тұздардың осындай концентрациясын физиологиялық ерітіндідеп атайды.
Қандағы ең ірі жасушалар. 1 мм3 қандағы мөлшері – 4,5–5 млн. Екі жағынан иілген дискі пішінді, ядросы жоқ, 120 тәулік тіршілік етеді. Гемоглобин болады. Ол оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды.
Қызыл жасушалар
Эритроциттер
Ядросы бар. Қан ағысымен де, жалған аяқтарымен де қозғалады. Қан тамырларының арнасынан шыға алады. 1 мм3 қан мөлшерінде 6–8 мың лейкоцит болады. Ағзаны ауру тудыратын микробтардан қорғайды
Ақ жасушалар
Лейкоциттер
Қанның ұю үдерісіне қатысады. 1 мм3 қандағы мөлшері 180–400 мың. 8–11 тәулік тіршілік етеді де, бауырда, көкбауырда немесе тромб түзілген кезде тіршілігін жояды.
Ұсақ қан пластинкалары
Тромбоциттер
Сәйкестендіру тапсырмасы
Артығын тап!
Эритроцит, тромбоцит, лейкоцит, өкпе, плазма
Қатені тап!
«Қанның құрамында төрт негізгі жасуша бар: эритроциттер, тромбоциттер, плазма және глюкоза. Лейкоциттер тек тыныс алу үшін қажет.»
Үйге тапсырма:
«Микробатискаф арқылы қанда саяхаттау» деген тақырыпқа фантастикалық эссе жазыңыз