§ 19. Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары
Әртүрлі паразит ағзалар жұқпаларды қоздырушылар болуы мүмкін. Ауру қоздырушылары: вирустар, бак териялар, қарапайымдар (біржасушалы ағзалар), патогендік саңырауқұлақтар.
Амёба дизентериясы
Тоқ ішекті зақымдайды. Белгілері: тоқтамай іш өту, жүрегі айну, бас айналу, құсу және дене температурасының көтерілуі. Лас су, қолды жумай тамақтану, көгөністер мен жеміс-жидектерді жумай жеу салдарынан жұғады.
Тырысқақ (холера)
Ашішекті зақымдайды. Ол сулы ортада ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Жұғу жолдары мен аурудың белгілері дизентериядағы сияқты. Тырысқақ ауруын хлорлы әк пен қышқыл ерітінділері тез зарарсыздандырады.
Күл (дифтерия)
Жұтқыншақты, теріні (кесілген не сы рылғанда), тыныс жолдары, көзді зақымдауы мүмкін. Жұғу жолдары: ауру адамнан ауа-тамшы арқылы, бактерия тасушы сау адамнан да жұғуы мүмкін. Алдын алу шаралары – екпе жасау, жеке бас гигиенасын және санитарлық режімді сақтау.
Лейшманиоз
Қоздырушысы лейшмания деп аталатын талшық тәрізді қарапайымдар. Белгілері – теріде ірі жара лардың пайда болуы. Жұғу жолдары: жәндіктердің шағуы.
Герпес
Қоздырушысы – герпес вирусы. Теріде немесе сілемейлі қабықта (мұрында) мөлдір сұйықтыққа толы топталған көпіршіктер түзіледі. Зақымдалған жерде қышу, ашу, ауру сезіледі.
Фитофтороз
Саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауру көбінесе картоп, қызанақ, цитрусты дақылдар мен алмаға және т.б. түседі. Ауруға шалдыққан жапырақтардың жоғары ұшы мен жиектерінде және өсімдіктің сабағында қоңырқай дақтар пайда болып, соңында қурап қалады.
Үйге тапсырма:
Әртүрлі ішек жұқпаларын салыстырыңдар. Олардың қандай айыр машылықтары мен ұқсастықтары бар?