Қан тобынан басқа эритроцит нәруызын – резус-факторды(Rh) ескеру керек. Еуропалықтардың 85%-ында, монғолоидтардың 99%-ында резус-фактор бар. Мұндай адамдарды оң резусты деп атайды. Қалған адамдарда бұл нәруыз жоқ, оларды теріс резусты деп атайды. Заманауи медицинада қан құю кезінде кері салдарын төмендету үшін қан тобын ғана емес, резус-факторды да ескереді.