§ 22. Жануарлардың жүрек-қан тамырлары жүйесі құрылысының ерекшеліктері мен эволюциясы
Эволюция барысында қан және қан айналым жүйесі ең алғаш рет буылтық құрттарда пайда болды. Оларда жүрек болмады, жүректің қызметін дененің алдыңғы жағындағы «жүрекше» деп аталатын 5 ірілеу сақиналы қан тамырлары атқарды.

Бассүйексіздерде де жүрек болмайды. Қандауыршада жүрек қызметін құрсақ қолқа қан тамыры атқарады

Ірі қан тамырларының қабырғасы үш қабаттан тұрады:
Ағзаны түгелдей торлап жатқан қан тамырлар 3 топқа бөлінеді:
  • Артерия
    Артериялар жүректен шыққан қанды таратады. Сондықтан онда қан қысымы жоғары және тез жылдамдықпен ағады. Ағзадағы ең ірі артерия қан тамыры – қолқа (аорта) деп аталады.
  • Вена
    Қанды денеден жүрекке айдайтын қан тамырлары. Қанның қысымы анағұрлым төмен. Қанның венадан жүрекке қарай қозғалуының үш түрлі себебі бар: 1) кеуде қуысында (өкпеде) қысым төмен болады; 2) қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы; 3) қанның кері ағуына кедергі жасайтын қақпақшалардың болуы.
  • Капилляр
    Зат алмасу мен газ алмасуды қамтамасыз ететін ең жіңішке қан тамырлары. Барлық мүшелерді капилляр торы қаптап жатады. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа және эпителий ұлпасының бір қабат жасушаларынан тұрады. Ол қанның құрамындағы қоректік заттар мен оттекті ұлпаларға жеткізіп, ұлпалардағы көмірқышқыл газы мен зат алмасудың соңғы өнімдерін қанға өткізеді.
Үйге тапсырма:

Түрлі жануарлардың жүрек құрылысын салыстыру

Made on
Tilda