§ 23. қан тамырлары жүйесінің түрлері және қан айналым шеңберлерІ
Қан тамырлар жүйелерін ашық және тұйық деп екі үлкен топқа бөледі
Буылтық құрттар мен омыртқалы жануарларда тұйық қан тамырлар жүйесі болады
Ұлулар мен бунақденелілер ашық қан тамырлар жүйесіне ие.
Адам жүрегінің бөліктері кезектесіп жиырылады: алдымен екі жүрекше, содан соң екі қарынша.
Жүрекшенің жиырылуына – 0,1 секунд, қарыншаның жиырылуына – 0,3 секунд уақыт жұмсалады. Жүрекше мен қарыншаның жалпы босаңсуына 0,4 секунд уақыт кетеді. Жалпы жүректің толық жиырылып, босаңсуы 0,8 секунд уақытты қамтиды. Сондықтан жүрек минутына 65–75 рет соғады.
Жүректе жүрекшелер жиырылған кезде қанды кері жібермейтін жақтаулы қақпақшалары болады. Сол жақ бөлігінде – қосжақтаулы, оң жақ бөлігінде – үшжақтаулы қақпақшалары бар.
Қатені тап! «Артериялар қанды жүрекке апарады, ал веналар оны өкпеге жеткізеді. Капиллярлар жүректе ғана болады»