§24. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап табиғи өлімге себепші аурулардың ішінде алдыңғы қатарда жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары тұр. Демек, адамзаттың өмір жасын ұзартудың бір жолы – жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларымен күресу. Олардың ішіндегі ең жиі кездесетін түрлерін қарастырайық.
Қан тамырлары жүйесінің аурулары
  • Гипотония
    Қан қысымының төмендеуі. Ол тамырлар мен жүрек бұлшық етінің әлсіздігінен, төмен зат алмасуға, аз қозғалуға байланысты дамуы мүмкін.
  • Гипертония
    Жас ұлғайған сайын тамырлардың қабырғасы созылғыш қасиетін жоғалтып, тығыздала бастайды және артерия тарылады. Осылардың нәтижесінде қан қысымы артады.
  • Инсульт
    Миға қан құйылу. Ми жасушаларының зақымдануына әкеледі. Зақымдалған бөліктің мөлшері мен орнына байланысты сезімталдылық, сөйлеу, есте сақтау және бұлшық етті басқару жойылуы мүмкін. Дененің жеке бөліктері немесе бүкіл ағза қозғалмай қалуы ықтимал.

  • Миокард инфаркты
    Қанағым (тромб, спазм не тамырдың жарылуы) бұзылуы салдарынан жүрек бұлшық етінің кейбір жерлерінің семуі. Инфарктің белгілері – кеуде тұсының қатты ауыруы. Ол сол қолға, иыққа, мойынның сол жақ бөлігіне, жауырынаралық бөлікке таралады. Көбінесе қорқыныш сезімі пайда болады.
  • Ишемиялық ауру
    Белгілері инфаркт белгілері сияқты – жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы. Егер инфаркт тез дамыса, ишемия баяу дамуы мүмкін. Көп жағдайда миокард жасушаларының оттексіз семіп қалуынан келіп шығады. Себебі жасушалар қоректік заттар жетіспегеннен тіршілігін жояды. Ишемия белгілері, алғашқы көмек және алдын алу шаралары инфаркттегідей болады.
  • Тахикардия
    Жүректің жиі соғуы. Дені сау адамда ауыр дене жүктемесі, күйзеліс және т.б. жағдайда пайда болуы мүмкін. Тахикардияның белгілері жүректің соғуы жиілеп, жүрек аймағының ауруын сезінуі. Кейде ауру болмауы да мүмкін. Сирек жағдайда ауа жетіспейді, адам ентігеді, әлсіздік бай қалып, басы айналады, шаршайды, ұйқысы қашады, көңіл күйі бұзылады, тәбеті төмендейді, жұмыс қабілеті нашарлайды.
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына тұқым қуалаушылық және өмір сүру салты себеп болуы мүмкін
Үйге тапсырма:

Не үшін 65 жастан кейін инфаркт қаупі арта беретіні туралы өз ойларыңызды жазып келіңіздер

Made on
Tilda