Тыныс алу деп ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісін атайды. Барлық тіршілік иесі оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшық еттің жиырылуы, тер бөліну, сілекей бөліну, қозуды өткізу және т.б.) оттекті пайдалануға байланысты.
Тыныс алу жиілігіне қанның химиялық құрамы әсер етеді:
Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясының артуы тыныс орталығын қоздырады да, тыныс алу жиілейді. Көмірқышқыл газының концентрациясы неғұрлым жоғары болса, тыныс алу соғұрлым жоғары.
Тыныс алудың жиілеуіне қанға адреналин (бүйрекүсті безінің гормоны) мен кейбір заттардың түсуі де әсер етеді.
Үйге тапсырма:
YouTube видеохостингін пайдаланып, дондерс моделін жасаңыз