§ 26. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері.

Кеуде қуысының механизмі

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері нейрогуморальды жолмен реттеледі. Тыныс алудың өзі орталық жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Тыныс алу және тыныс шығарудың ырғақты ауысымын сопақша мида орналасқан тыныс орталығы қамтамасыз етеді.

Тыныс орталығы, сондай-ақ жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін жүзеге асырады. Оған химиялық (иістер) немесе механикалық (шаң-тозаң, шырыш) тітіркендіргіштер себеп болады.

Қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет (диафрагма) тыныс алу қозғалыстарын жүзеге асырады. Тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшық еттер қабырғаларды көтереді. Олар өкпені алға және жан-жағына созады. Көкет(диафрагма) – кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшық ет. Жиырылған кезде көкет төмен түседі (басылады) де, құрсақ қуысының мүшелерін төмен қарай итереді. Ол өкпені төмен қарай тартады. Бұл кезде кеуде қуысының көлемі артады және өкпедегі қысым төмендейді. Нәтижесінде өкпе созылады да ауамен толады.
Берілген тұжырымдардың шындық/жалған екенін анықтаңыз

+ батырмасын басу арқылы, сұрақтың жауабын өз жауабыңмен салыстыр

Made on
Tilda