§ 27. өкпе жұмысының көрсеткіштері. Тыныс алу гигиенасы
Адам ең терең тыныс алғаннан кейін шығаратын ауа көлемі өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) деп аталады.
Әйелдерде өкпенің орташа тіршілік сыйымдылығы – 2,7 литр немесе 2700 см3 құрайды.
Ер адамдарда бұл көрсеткіш жоғары және орташа 3,5 литр немесе 3500 см3 болады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын арнайы аспап (құрал) – спирометрмен өлшейді
Есептерді шығару
1-есеп. Егер тыныс алу көлемі 450 см3, орта есеппен 1 минутта 18 рет тыныс алу қозғалысын жасайтын болса, жасөспірім өкпесі арқылы қанша ауа өтеді?
2-есеп. Есепті шығару үшін тыныс алатын және шығаратын ауа құрамын еске түсіріңіздер. Сыныпта 26 оқушы бар. Олардың 1 минуттағы тыныс алу көлемі орташа 9 000 см3 болса, оқушылар 45 минутта, қанша оттек сіңіреді?
3-есеп. Егер оқушының тыныс алу көлемі орташа 500 см3 болса, ол бір сабақта (45 мин) қанша көмірқышқыл газын бөліп шығарады?