Бөліп шығару мүшелері арқылы судың, тұздар мен құрамында азот бар зиянды заттардың артық мөлшері шығарылады. Құрамында азот бар қосылыстар нәруыздар толық ыдыраған кезде түзіледі.
Бөліп шығарудың орталық мүшесі – бүйректер.
Бүйректер – бұршақ пішінді жұп мүше.
Олар бел бөлімінде омыртқа жотасының екі жағында орналасқан.
Бүйректе 2 қабат болады: 1) сыртқы қоңыр қызыл – қыртысты қабаты; 2) ішкі ашық қоңыр – ми қабаты.