Тері үнемі ауру тудыратын микроағзалар және басқа қолайсыз сыртқы әсерлерге ұшырап отырады.
Тері ауруларын емдейтін дәрігер - дерматолог деп аталады.
Тері аурулары
Терінің кең таралған саңырауқұлақ тудыратын ауруларының бірі – теміреткі (стригущий лишай). Ол теріні, шаш пен тырнақты зақымдайды. Теміреткі пайда болған жерде шаш түсіп қалады. Жұқтыру көзіне өсімдіктер, жануарлар, ауру адамдар мен олардың пайдаланған заттары болуы мүмкін. Сондықтан басқа адамның тарағын, жекебас гигиенасы заттарын пайдалануға, киімі мен аяқкиімін киюге болмайды. Мал шаруашылығы және үй жануарларын күту кезін де гигиена ережелерін қатаң сақтау керек.
Тағы бір тері ауруы – қышыма қотыр(чесотка). Бұл ауруды өте ұсақ қышыма қотыр кенесі тудырады. Кене саусақ арасында, аяқ және қолдың буын бүгілістеріндегі тері астында болуы мүмкін. Ауру белгілері – аталған жерде тоқтаусыз қышу пайда болады. Қышыма қотыр ауру адамнан тұрмыстық зат тар, есік тұтқасы, қол алысып амандасқан кезде және т.б. жағдайда жұғатын жұқпалы ауру болып табылады.
Безеу бөртпелері– терінің сыртқы (бактериялық), ішкі (зат алма су, гормондық) себептен зақымдануы. Безеу бөртпелерімен күресудің әдісі – тазалық. Тері саңылауы шаң-тозаң бөлшектерімен бекітіліп қалмауы керек, ал май бездерінің түзінділері (секрет) бір күнде 2–3 рет алынып отырса, бактериялық типті безеу бөртпесі дамымайды.
Үлгіге қарап, тері гигиенасы бойынша ақыл картасын құрыңыз
Үйге тапсырма: «Тері ауруларының алдын алу шаралары» деген тақырыпқа жадынама жасау