§ 32. Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы

Сүйектің құрамы мен құрылысы

1 – сүйек ұлпасының жасушалары
2 – сүйектің кемік майы
3 – сүйектің кемік заты
4 – сүйектің сары кемігі
5–6 – қан тамырлары
7 – тығыз заты
8 – сүйекқап

Сүйектің ұзарып өсуіне түтік тәрізді сүйек басының бетінде болатын шеміршек ұлпасы әсер етеді.
Сүйектер бірнеше жасуша типінен тұрады
  • Остеоциттер
    Өсінділері бар домалақ немесе сопақша жасушалар.
  • Остеобластар
    Сүйек ұлпасында жас, қалыптаспаған жасушалар
  • Остеокластар
    Сүйек түзілмей тұрып, шеміршек ұлпасын жояды
Сүйектің химиялық құрамы
Сүйек органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.
  • Бейорганикалық заттар (кальций тұздары) сүйекке беріктік және қаттылық қасиет береді.
  • Жас өскен сайын сүйек құрамында органикалық заттардың мөлшері азаяды. Сүйек иілгіш тік қасиетін жояды.
  • Органикалық заттар (оссеин нәруызы) сүйектің серпімділік, эластикалық және иілгіштік қасиетін арттырады.
  • Бала ағзасында органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйектері эластикалық және серпімді.
«Домино»
Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады. Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.
Үйге тапсырма:
«Остеон жүйесі» деген сызба сызыңыздар. Ол неден тұратынын жазыңыз
Made on
Tilda