буын беті (бір сүйектің ойысы мен басқа сүйектің басы); буын қабы; буынішілік байламдар; буын сұйықтығы.
Буын қабы дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол өзінің шеті арқылы түзуші буын сүйектерінің бетіне бірігіп өседі. Бұл – буын сұйықтығына толы қуыс.
Буын сұйықтығы майлағыш қызметін атқарады. Ол гиалинді шеміршек сияқты үйкелуді азайтады және қозғалған кезде сүйектің буынды бетінің жылжуын қамтамасыз етеді.
Буын байламы – сүйектерге бекитін тығыз талшықты ұлпа шоғыры. Олар ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Буын байламдары сүйектердің беку беріктігін арттырып қана қоймай, қозғалу амплитудасын шектейді. Осылай буын басының буын ойпаңынан шығып кетуіне кедергі келтіреді.
«Қағаздағы сұрақтар» Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма: «Адам денесіндегі сүйектердің байланысу түрлері» деген тақырыпқа 120-170 сөзден тұратын эссе жазу.