§ 34. Буынның құрылысы мен қызметі

Буын бетінің пішіні бойынша буындар эллипс тәрізді, жайпақ, ершік тәрізді, шар тәрізді және т.б. болып бөлінеді. Бірақ алғашқы екі жіктеу буын қызметіне емес, құрылысына қатысты.
Белгілі бір қозғалыс жасауға болатын ось саны бойынша жіктелу
  • Бір осьті
    Онымен адам тек бір жазықта қозғалыс жасай алады. Әдетте, бұл буындардың пішіні цилиндр тәрізді болады. Мысалы, саусақ сүйектерін өзара байланыстыратын буын немесе шынтақ және кәрі жілік сүйектерін байланыстыратын жоғарғы буын.
  • Екі осьті
    Қарама-қарсы екі бағыттағы, бірақ бір жазықтағы қозғалысты қамтамасыз етеді. Мысалы, кәрі жілік-білезік, астыңғы жақ сүйек, тізе буындары.
  • Үш осьті
    Ең қозғалмалы буындар болып саналады. Олар қозғалысты үш бағытта жүзеге асыра алады: бүгу-жазу, ішке және сыртқа қарай айналдыру, түсіру-көтеру. Ең қозғалмалы буындар – шар тәрізді шынтақ буындар. Мысалы, жамбас-сан және иық буындары.
«Он сұрақ»

«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.
Үйге тапсырма:
Буын типтерін мысалдарымен бірге жаттау
Made on
Tilda