§ 35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу

Бұлшық ет – әртүрлі қозғалысқа жауап беретін тірек-қимыл жүйесінің бөлімі. Адам ағзасында 600-ден астам бұлшық ет бар. Дененің тепе-теңдігін бұлшық еттер қамтамасыз етеді.

Бұлшық еттің құрылысы:

1 – бұлшық ет талшығының қабықшасы;
2 – бұлшық ет талшығының шоғыры;
3 – бұлшық еттің жуан тал шықтары;
4 – бұлшық еттің жіңішке жіп тәрізді талшығы;
5 – оттекпен байытылған жақсы дамыған бұл шық ет талшықтары;
6 – май басып, нашар дамыған бұлшық еттер;
7 – сіңір

Екібасты және үшбасты бұлшық еттер

1 – иықты бүгіп, жиырылып қысқаратын екібасты бұлшық ет;
2 – үшбасты бұлшық ет;
3 – шынтақты бүгетін бұлшық ет;
4 – босаңсып ұзаратын үшбасты бұлшық ет;
5 – босаңсып ұзаратын екібасты бұлшық ет;
6 – шынтақ буынын жазатын бұлшық ет

Үйге тапсырма:
Бұлшық ет типтерін, атауын және мысалын жаттау
Made on
Tilda