Адам қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Олар: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және сипап сезу.
Адам үшін негізгі сезім мүшесіне көру жатады. Қоршаған әлем туралы ақпараттардың басым бөлігін көру арқылы қабылдаймыз. Екінші орында есту мүшесі тұрады. Есту арқылы ақпараттың 1/3-ін алсақ та, есту мүшесінің рөлі зор. Адам үшін басқа сезім мүшелері де маңызды болып табылады.