§ 40. есту және көру рецепторлары қызметтерінің механизмі
Көру рецепторлары – таяқшалар мен құтышалар. Олар көздің торлы қабығында орналасқан. Басқа да рецепторлар сияқты олар да белгілі бір тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Таяқшалардың саны көп, олар торлы қабықшаның шет жағына орналасқан. Онда родопсин пигменті болады. Ол ақ пен қара түсті ажыратады. Сондықтан адам ымыртта немесе таңсәріде жақсы көреді. Құтышалардың саны аз. Олар торлы қабықшаның ортасында орналасқан, сары дақты түзеді. Сары дақта таяқшалар болмай ды, тек құтышалар болады. Онда йодопсин пигменті болады және ол түрлі түсті ажыра тады.
Ішкі құлақтағы ұлуденеде орналасқан кірпікшелі жасушаларды есту рецепторлары деп атайды. Бұл жасушаларда естумен қатар, тепе-теңдік мүшесі – вестибула аппараты да қалыптасады
Үй тапсырмасы:
Көру және есту рецепторларының ерекшеліктерін сипаттау