§41. гормондар арқылы гуморальды реттелу

Бездер дегеніміз – безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер. Бұл жасушаларда қандай да белгілі бір заттар секреттеледі. Бездердің ішінде түзілетін заттарды секреция, ал бөлінетін заттарды секрет деп атайды.
Гормондар – ішкі секреция бездері бөліп шығаратын, ағза мүшелерінің қызметін өзгерте алатын биологиялық белсенді заттар. Ағза қызметінің гормондар және де басқа заттар арқылы реттелуі қан арқылы жүзеге асады. Реттелудің бұл түрі гуморальды деп аталады.

Ойшылдың кілттері
Керісінше кілті: Егер адамның тер бездері мүлдем жұмыс істемесе, не болар еді?


Егер де... кілті: Егер асқорыту бездері өзек арқылы емес, тікелей қанға бөлсе, не өзгерер еді?
Кемшіліктер кілті: Сыртқы секреция бездерінің артық сөл бөлуінің қандай зияны болуы мүмкін?
Болжам кілті: Егер адамда қалқанша безі қалыпты жұмыс істемесе, болашақта қандай қиындықтар тууы мүмкін?

Сурет кілті: Қан арқылы таралып жатқан гормондардың жолын суреттеп көр.

Әліппе кілті: А әрпінен басталатын 3 гормон атауы (мысалы, адреналин). Қалған әріптермен жалғастыр.
Сторителлинг
Тірек сөздерді пайдалана отырып, қиял-ғажайып элементтері бар әңгіме құрыңыздар
  • Сыртқы секреция бездері
    Өзек, сөл, тер, сілекей, асқорыту, сиқырлы есік, мөлдір сұйықтық, бауыр, сөйлейтін май безі, асқазан патшалығы, иіс аңшы
  • Ішкі секреция бездері
    Гормон, қан, гипофиз, қалқанша безі, көзге көрінбейтін күш, сиқырлы сигнал, ұшатын хабаршы, жүрек әміршісі, ғажайып әсер
  • Аралас секреция бездері
    Инсулин, панкреатин, ұйқыбез, аналық без, аталық без, қосқабатты қақпа, екіжақты миссия, құпия код, гормондық қылыш, жасуша патрулі, глюкоза күзетшісі
Made on
Tilda