Паратгормон жетіспесе қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық еттер түйіліп қалады. Тістер өте сынғыш болады.
Шамадан артық бөлінгенде сүйекте кальций мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып, сынғыш болады, қан тамырларда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады.