Теріден тыс рецепторлар.
Бұл рецепторлар буын, бұлшық еттер, сіңірлер, кейбір сілемейлі қабықшалар және басқа да мүшелерде кездеседі. Сонымен бірге олар да температураны, ауруды, жанасу мен қысымды қабылдайды. Адам көзі жұмулы қалпында да бұлшық еттерде, сіңірлерде болатын рецепторларға байланысты қолының бүгіліп немесе жазылып тұрғанын, отырғанын немесе тік тұрғанын сезе алады. Сонымен бірге өңеш арқылы өткен сұйық тамақтың ыстық немесе суық екенін сезе аламыз.