§44. Жылу реттеудегі терінің рөлі

Жылу реттеу дегеніміз– дене температурасының тұрақты сақталуы. Ағзадан тері арқылы негізінен 80%, ал өкпе мен зәр арқылы 20% жылу бөлінеді. Сондықтан тері жылу реттеудегі маңызды мүшенің бірі болып табылады.

Не себепті адам терлейді?
Жоғары температура кезінде ағза өзін қызып кетуден сақтау үшін тер бөледі және капиллярлар кеңейеді.
Адамнан қанша литр тер шығуы мүмкін?
Ыстық күндері дене еңбегімен шұғылданған кезде ағзадан шамамен 10 литрден астам тер бөлінуі мүмкін.
Адам неге қызарады?
Жылу ағзаға қан арқылы таралады. Тері арқылы өтетін қан тамырларындағы қан салқындау үшін капиллярлар кеңейеді (адам қызарып кетеді).
Физикалық жаттығудан кейін
Бір мезгілде ағзадағы қан мөлшерінің 40%-ы теріде болуы мүмкін.
Адам неге бозарады?
Төмен температурада дене температурасын тұрақты сақтау үшін терідегі капиллярлар тарылады.
"Құс терісі" қалай пайда болады?
Бұл – терідегі ұсақ бұлшық ет талшықтары жиырылған кезде олардың жинақталып кедір-бұдырлар пайда болуынан туындайтын құбылыс. Осылай терінің суық ауамен жанасу беті кішірейіп, тері аз мөлшерде жылу бөледі.
Адам тоңғанда неге дірілдейді?
Қатты тоңған кезде сигнал қаңқа бұлшық еттеріне беріліп, олар дірілдей бастайды. Бұлшық еттер жиырылған кезде ағзаны жылытатын жылу бөлінеді.
Капиллярлар неге тарылады?
Жылудың тері арқылы артық мөлшерде бөлініп шығуынан сақтайды.
Шынығу – қоршаған ортаның кез-келген қолайсыз жағдайына ағзаның төзімділігін дамыту. Біздің денеміз көптеген жаттығулар жасау барысында осы тапсырмаларды оңай орындай алады. Сондықтан суықтың жиі қайталануынан кейін ағза бейімделеді.
Үй тапсырмасы:
Қосымша дереккөздерден шынығуға қатысты қызықты мәліметтерді табу

Made on
Tilda