§47. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі

Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі екі фазадан тұрады: спорофит және гаметофит.
Спорофит
Спорофит – өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ. Бұл – өсімдіктердің спора түзу сатысы. Споралар мейоз жолымен түзіледі. Спорофит – аталық пен аналықтың (сперматозоид және жұмыртқа жасушасы) қосылуынан пайда болған зиготадан түзіледі.
Гаметофит
Гаметофит – өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жынысты ұрпақ. Бұл сатыда гаметалар түзіледі. Гаметофиттердің жасушалары гаплоидты, гаметалары жасушалардан митоз жолымен түзіледі. Гаметофиттердің өзі гаплоидты споралардан пайда болады.
Мүктердің тіршілік циклі
Қырықжапырақтәрізділердің тіршілік циклі
Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі қалай жүреді?
Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі "ұрпақ алмасу" (генерациялардың алмасуы) принципіне негізделген. Бұл цикл жынысты көбею (гаметофит) және жыныссыз көбею (спорофит) кезеңдерінен тұрады.
Спора түзілуі (жыныссыз көбею кезеңі – спорофит)
Ересек өсімдік (спорофит, 2n) жыныссыз көбею мүшелерінде мейоз арқылы споралар (n) түзеді.

Споралар спора қапшықтарында (спорангий) дамып, жел, су арқылы таралады.

Мысалдар:
Қырықжапырақ жапырағының астында ұсақ қоңыр дақтар (спорангийлер) орналасқан.
Мүк споралары қапшық (капсула) ішінде түзіледі.
Спора өнуі және гаметофиттің дамуы (жынысты көбею кезеңі – гаметофит)
Гаплоидты (n) споралар қолайлы ортаға түскенде митоз арқылы бөліне бастайды.
Осылайша, гаметофит (n) дамиды – бұл жынысты көбею кезеңіндегі өсімдік.

Гаметофиттің аналық бөлігі архегоний, аталық бөлігі антеридий деп аталады.

Мысалдар:
Қырықжапырақтың жүрек тәрізді кішкентай гаметофиті.
Мүктің жасыл кілемше тәрізді гаметофиті.
Гаметалардың түзілуі және ұрықтану
Антеридийде (аталық жыныс мүшесі) – сперматозоидтар түзіледі.
Архегонийде (аналық жыныс мүшесі) – жұмыртқа жасушасы түзіледі.
Су арқылы сперматозоид жұмыртқа жасушасына жетіп, ұрықтану жүреді.
Нәтиже:
Зигота (2n) түзіледі – бұл жаңа өсімдіктің бастамасы.
Жаңа спорофиттің өсуі
Зигота митоз арқылы көбейіп, көпжасушалы спорофит (2n) дамиды.
Спорофит жетілген соң қайтадан споралар түзіп, тіршілік циклі қайталанады.

Мысалдар:
Қырықжапырақтың үлкен жапырақты өсімдігі – спорофит.
Мүктің спора қапшығы бар бөлігі – спорофит.
Қырықжапырақты өсімдіктердің тіршілік циклі
  • Спорангийлер
    Қырықжапырақ жапырағының астындағы ұсақ қоңыр дақтар
  • Гаметофит
    Қырықжапырақтарда жүрек тәрізді кішкентай болады
  • Ұрықтану үдерісін
    Антеридийде (аталық жыныс мүшесі) – сперматозоидтар түзіледі.
    Архегонийде (аналық жыныс мүшесі) – жұмыртқа жасушасы түзіледі.
  • Жаңа спорофиттің өсіп шығуы
    Қырықжапырақтың үлкен жапырақты өсімдігі – спорофит.
Мүктердің тіршілік циклі
  • Мүк споралары
    Қапшық (капсула) ішінде түзіледі.
  • Гаметофит
    Жасыл кілемше тәрізді
  • Гаметалар
    1- аталық өсімдік
    2-аналық өсімдік
  • Спорофит
    Мүктің спора қапшығы бар бөлігі – спорофит.
Домино ойыны.

Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады. Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады.
Тапсырма: "Өсімдіктердің тіршілік циклін дұрыс ретпен орналастыру"

Кезеңдер:

Спора түзілуі

Спорадан жас өсімдік өсуі

Жынысты көбею кезеңі

Жаңа спора түзілуі


Өсімдіктер:

  • Қырықбуын
  • Қырықжапырақ
  • Мүк
Жауабы:

Споралы өсімдіктердің тіршілік циклінің дұрыс реті:
  • Спора түзілуі – споралар өсімдіктің спорофит кезеңінде түзіліп, таралады.
  • Спорадан жас өсімдік өсуі – спора қолайлы ортаға түскенде өніп, гаметофит дамиды.
  • Жынысты көбею кезеңі – гаметофит аналық және аталық гаметаларды түзеді, олар бірігіп, ұрықтану жүреді.
  • Жаңа спора түзілуі – ұрықтанудан кейін спорофит өседі және қайтадан спора түзеді.

Қырықжапырақтың тіршілік циклі:
  • Жапырақтарының астында спора түзіледі.
  • Спора өнген соң гаметофит (жас өсімдік) қалыптасады.
  • Гаметофитте гаметалар түзіледі және ұрықтану жүреді.
  • Спорофит (ересек қырықжапырақ) дамиды, қайтадан спора түзеді.

Мүктің тіршілік циклі:
  • Споралар таралады.
  • Жас гаметофит өседі.
  • Гаметофит жынысты көбеюге қатысады (гаметалар түзіледі, ұрықтану жүреді).
  • Жаңа спорофит өседі және қайтадан спора түзеді.
Сәйкестендіріңіз
Жауабы






Споралы өсімдіктердің комиксі

  • "Спораның үлкен саяхаты" атты комикс жасаңыз.
  • Басты кейіпкер – кішкентай спора.
  • Ол қалай өніп, қалай өсетінін сипаттаңыз.
  • Гаметофит, ұрықтану, спорофит секілді биологиялық ұғымдарды қолданыңыз
Made on
Tilda