§48. Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі
Ашықтұқымдылардың тіршілік циклі
Қарағай – аталық және аналық жыныс жасушаларын түзетін, бір үйлі өсімдік. Көктемде қарағайдың жас бұтақтарында екі түрлі бүрді көруге болады: қызғылт түсті – аналық бүр, сарғыш қоңыр түсті – аталық бүр.
Спорогенез
Жыныс жасушалары түзілгенге дейін аталық бүр мен аналық бүрде жүретін үдеріс. Жаңадан пайда болған бүрлерде мейоз жолымен гаплоидты жасушалар түзіледі. Аталық бүрлерде анағұрлым ұсақ болады, сондықтан оларды микроспоралар, ал аналық бүрлерде ірілеу болғандықтан мегаспоралар деп атайды.
01
Гаметалардың түзілуі
Спорадан гаметофит түзіледі. Споралы өсімдіктерге қарағанда тұқымды өсімдіктердің гаметофиттері өздігінен фотосинтездеуге, ризоидтары арқылы топырақтан су мен басқа заттарды соруға қабілетті болмайды. Бұл белгілі бір бөлігі тіршілігін жоятын, гаплоидты жасушалар. Гаметофиттердің тірі жасушаларынан гаметалар түзіледі.
02
Тозаңдану
Тозаңдар желмен оңай таралады. Тозаңданғаннан кейін спермийлер жұмыртқа жасушасына тозаң түтігі арқылы жеткізіледі. Спермийдің біреуі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады.
03
Тозаңқаптың тозаң түтікшелерінде микроспорогенез және микрогаметогенез үдерісі жүреді. Содан кейін бір тозаңқаптан немесе тозаң түтікшелерінен гаплоидты екі жас жасуша түзіледі, оның біреуі – вегетативті, екіншісі генеративті жасуша деп аталады. Генеративті жасуша митоз жолымен бөліне отырып, екі спермий түзіледі. Ал вегетативті жасуша тозаң түтікшелерін түзеді. Аналық түйіннің ішінде мегаспорогенез және мегагаметогенез үдерістері жүреді. Бір тұқымбастамадан гаплоидты жұмыртқа жасушасы мен диплоидты хромосомалы орталық жасуша түзіледі.
Ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың тіршілік циклдері ұқсас, бірақ айырмашылықтары бар:
✅ Ашықтұқымдыларда бүр болады, жабықтұқымдыларда гүл бар. ✅ Ашықтұқымдылар негізінен жел арқылы тозаңданады, жабықтұқымдылар жәндіктер, жел немесе су арқылы тозаңданады. ✅ Жабықтұқымдыларда қосарлы ұрықтану жүреді және жеміс пайда болады.
Шеңбердегі доп
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
Жауабы:
Жабықтұқымдылар: 1, 4, 6
Ашықтұқымдылар: 2, 3, 5
Дұрыс ретпен жазыңыз
Берілген реттілік (реті бұзылған!):
Ұрықтану жүреді
Тозаңдану жүреді
Тұқым өніп, жаңа өсімдік өседі
Аналық және аталық жыныс жасушалары түзіледі
Жаңа өсімдік өскеннен кейін, гүл немесе бүр пайда болады
Жеміс немесе тұқым бүрі түзіледі
Жауабы
Аналық және аталық жыныс жасушалары түзіледі
Тозаңдану жүреді
Ұрықтану жүреді
Жеміс немесе тұқым бүрі түзіледі
Тұқым өніп, жаңа өсімдік өседі
Жаңа өсімдік өскеннен кейін, гүл немесе бүр пайда болады