§ 50. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары
Негізгі ұғымдар мен терминдер
Тұқымқуалаушылық
тірі ағзалардың ата-аналарына ұқсау қабілеті.
Өзгергіштік
тірі ағзалардың өз ата-аналарынан ерекшелену қасиеті.
Мутациялық өзгергіштік
ағзадағы ДНҚ молекуласының құрамы кездейсоқ өзгеріске ұшырауы
Үйлесімдік өзгергіштік
арғы тегінде болған белгілер жаңадан үйлесім тауып бірігуі
Эволюция
тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуінің артуы, дамуы арқылы жүретін үдеріс
Модификациялық өзгергіштік
ДНҚ молекуласында гендер мен хромосомалар өзгермейді
Қағаздағы сұрақ
Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.