үй жануарларының жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару әдістері туралы ғылым саласы.
Селекцияның алғашқы кезеңі
Жануарлар селекциясындағы бірінші кезең – жануарларды қолға үйрету, ал өсімдіктерде олардың мәдени түрлерін шығару
Мақсатсыз сұрыптау
Алғашқы кезеңде адамдар өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алған кезде алдына ешқандай нақты мақсат қоймады
Әдістемелік сұрыптау
Нақты белгісі бар өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алу
Жаппай сұрыптау
Айқас тозаңданатын дәнді дақылдарға қолданылады. Дәнді дақылдардың, мысалы, бидайдың дәндерін диаметрі әртүрлі елегіштен өткізеді. ірі дәндерді келесі жылы егу үшін алып қалған, ал ұсақтарынан ұн жасаған
Жеке сұрыптау
Адам үшін қажетті белгі-қасиеттері бар жеке-дараларды іріктеп, әрі қарай ұрпақ алынады. Бұл жеміс-жидектер мен ірі қара, жылқы және т.б. жиі қолданады
Жауабы: 1️. Қолдан сұрыптау 2️. Сұрыптау нәтижелері 3️. Табиғи сұрыптау 4️. Жаппай және жеке сұрыптау 5️. Табиғи эволюция