Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары
Н.И. Вавилов өмір сүрген кезде – мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеу үшін негізінен салыстырмалы-анатомиялық әдіс қолданылған. Сол кездің өзінде Н.И.Вавилов өзінің бір экспедициялық саяхаты кезінде алманың отаны – Алматығажақын тау шатқалдары деп өз болжамын айтқан. Қазіргі заманғы америкалық генетик-ғалымдар соңғы ДНҚ зерттеулерде алманың мәдени түрлерінің шыққан орталығы Қазақстанның Қырғызстанмен шегарасындағы сайлар екенін тапты.
Сәйкестендіріңіз
"Жоғалған шығу орталығы"
Төмендегі сипаттамаларды оқып, қай өсімдік немесе жануар туралы айтылып тұрғанын анықтаңыз.
Бұл дақыл алғаш рет Мексикада өсірілді, бүгінде әлемдегі ең көп өндірілетін дәнді дақылдардың бірі.
Бұл үй жануары 4 000 жыл бұрын Қазақстан даласында қолға үйретілді, адамзат үшін көлік ретінде маңызды рөл атқарды.
Бұл мәдени өсімдік алғаш рет Перуде өсірілді, бүгінде әлемдегі ең маңызды азық-түліктердің бірі.
Бұл үй жануары алғаш рет Африкада қолға үйретілді, егіншілікті қорғауға және кеміргіштермен күресуге көмектесті.
Жауабы: 1 - Жүгері 2 - Жылқы 3 - Картоп 4 - Мысық
"Шындық" немесе "жалған" ойыны
Барлық мәдени өсімдіктердің шығу орталығы – Оңтүстік Америка.
Жылқы алғаш рет Қазақстанда қолға үйретілді.
Мысықтарды адамдар алғаш рет Азияда қолға үйреткен.
Қант қамысы алғаш рет Үндістанда өсірілді.
Бидайдың шығу орталығы – Африка.
Қолдан сұрыптау туралы қызықты деректер
Қарбыздың жабайы түрі ащы әрі кішкентай болған.
Қазіргі үлкен, шырынды қарбыз – жүздеген жыл бойы адам қолымен сұрыптау арқылы алынған.
Күріш – адамзат жасаған ең көне сұрыпталған дақылдардың бірі.
Қытайда 9000 жылдан бері сұрыпталып келеді
Қазіргі тауықтар – жабайы банкив тауығынан шыққан.
Олардан жұмыртқа көп беретін және тез салмақ қосатын тұқымдар қолдан сұрыпталды