Популяция – түрдің тіршілік етуінің едәуір аз құрылымдық бірлігі. Ғаламшарымызда бір географиялық нүктеде тіршілік ететін эндемик түрлер бар. Олар бір немесе бірнеше популяциядан тұруы мүмкін. Түрлердің көпшілігі Жерде көптеген популяция формасында тіршілік етеді. Түр негізгі экологиялық бірлікке жатады. Бір популяция жойылып кетсе, экологиялық апат болмайды. Себебі оның орнын экожүйенің жойылған құрамбөлігін қалпына келтіретін басқа популяция даралары толтыруы мүмкін.
Популяцияға қатысты ұғымдар
Популяция тығыздығы
Бір аумақта қанша дара орналасатынын көрсетеді. Бұл көрсеткіште популяция алатын аумақ пен оның құрамына кіретін ағзалардың саны арасындағы арақатынас көрсетіледі. Тығыздық аудан бірлігіндегі даралар санымен немесе су және топырақ экожүйесі үшін көлеммен өлшенеді.
Туу
Уақыт бірлігіндегі, мысалы, бір жылдағы популяцияда туған дара санын көрсетеді.
Өлім-жітім
Уақыт бірлігіндегі, мысалы, бір жылдағы популяцияда тіршілігін жойған дара санын көрсетеді.
Өсім
Уақыт бірлігіндегі туу және өлім арасындағы айырмашылық. Егер өсім теріс болса, демек, популяция жойылу жағдайында тұр, саны қысқарып бара жатқан немесе жойылып бара жатқан популяция болып табылады.
Өсім қарқыны
Уақыт бірлігіндегі, өсім.
Жастық құрамы
Осы популяциядағы әртүрлі жастағы даралар арасындағы қатынас. Бұл да популяция күйін көрсететін маңызды көрсеткіш.
Жыныстық құрамы
Популяциядағы жыныстық жағынан жетілген аталық және аналық арасындағы қатынас. Бұл – популяция жағдайын жанама көрсететін тағы бір көрсеткіш.
Дәптермен жұмыс: К- және r- стратегияларының бір-бірінен айырмашылығын сызба түрінде бейнелеу
Үй тапсырмасы: Популяцияға қатысты негізгі ұғымдарды және олардың анықтамасын жаттау