Белгілі бір аймақта тіршілік ететін ағзалар сол тіршілік ортасына бейімделеді. Тірі ағзалардың әртүрлі топтарының өзара қарым қатынасының мынадай түрлері болады: жағымды, жағымсыз, бейтарап. Бұл тақырыпта біз жағымды қарым-қатынастармен танысамыз.
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы
Симбиоз
бірлесіп тіршілік ету кезінде екі ағза да немесе олардың біреуі ғана екіншісінен пайда көреді. Симбиоздың бірнеше түрі бар.
Нақты селбестік
Екі ағза үшін де пайдалы қарым қатынастың түрі. Көптеген құстар тұяқты жануарлардың денесіндегі жүнінің паразит кенелерімен қоректенеді. Бұл жағдай құстар үшін қауіпсіз .
Мутуализм
Әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен бөлек тіршілік ете алмай, өзара қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мысал - қыналар
Комменсализм
Бірге тіршілік ететін түрдің біреуі пайда тауып, екіншісі оған мән бермейтін симбиоздың кең тараған түрі. Ашық мұхитта ірі теңіз жануар ларына (акулалар, дельфиндер, теңіз тасбақалары) ұшқыш балықтар жиі еріп жүреді.
Пәтерлестік
Бір ағзаға өзге жануар түрінің денесі немесе солардың мекен орны баспана болады. Балық шабақтары ірі медузалардың шатыр ша сының астына жасырына отырып, олардың атпа жасушаларынан қорғана алады.