§ 57. Тірі ағзалардың бір-біріне жағымсыз әсерлері

Тірі әсері ағзалардың бір-біріне жағымсыз әртүрлі формада болуы мүмкін. Жыртқыштық түрлердің арасындағы кең тараған жағымсыз әсерлердің бір түрі болып табылады.


Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы
Жыртқыштық
Жануарлардың бірін-бірі қорек етуі. Арыстан мен киік, қасқыр мен қоян, құстар мен бунақденелілердің және т.б. тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы мысал бола алады
Каннибализм
Бір түрдің арасында бірін-бірі қорек етуі. Бұл кезде жас ағзаларды ересектерінің қорек етуі (шортан) немесе аналықтардың аталықтарды жеп қоюы (көптеген өрмекшітәрізділер мен бунақденелілер) кездеседі.
Паразиттік
Әр түрлі ағзалардың біреуі екіншіcін (иесін) қоректік орта немесе қорек көзі ретінде пайдалануы
Бәсекелестік
Түрлер арасындағы жағымсыз қарым-қатынастың бір түрі болып табылады. Ең жоғары бәсекелестік бір түрге жататын даралардың арасында жүреді.
Бейтараптық
Бір аймақта тіршілік ететін түрлер бір-біріне әсер етпей, өз бетінше тіршілік етеді. Ол кезде бір-біріне тікелей байланысы жоқ түрлер биоценоз құрады да, бүкіл бірлестік жағдайына тәуелді болады. Мысалы, тиындар мен бұландар бір орманда тіршілік етеді. Олар бір-бірімен бәсекелес емес, сонда да ормандағы құрғақшылық олардың әрқайсысына түрлі дәрежеде әсер етеді.
"Сіз – зерттеушісіз"
Жағдаятты оқып, тірі ағзалар арасындағы қарым-қатынасты анықтаңыз

Ормандағы емен ағашының діңінде саңырауқұлақтар өсіп жатыр. Бұл жерде жақын маңда құстар ұя салып, ал төменгі жағында құмырсқалар жүр. Құстар саңырауқұлақтарды жемейді, бірақ олар ұя жасау үшін ағашты пайдаланады.

Сұрақтар:
  1. Бұл мысалда қандай қарым-қатынас түрлері кездеседі?
  2. Құстар мен ағаш арасындағы байланыс қандай?
  3. Егер саңырауқұлақ ағашқа зиян келтірсе, бұл қандай байланысқа жатады?

Үй тапсырмасы: Ағзалардың өзара қарым-қатынасының түрлеріне мысалдар келтіру

Made on
Tilda