§58. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі

Бейімделгіштік – тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақты бір жағдайында тірі қалу мүмкіндігін арттыратын құрылысындағы, мінез құлқындағы, физиологиясындағы қасиеттері.
Бейімделуге мысалдар
  • Шөлде күрес жарық үшін емес, ылғал үшін жүреді. Әбден қызған ауа ылғалды өсімдіктен алады. Булануды азайту үшін сексеуілдің жапырағы тікенге айналады
  • Алып кактустар ылғалды сақтауға жақсы бейімделген
  • Ақ аю және морж суық қысқа жақсы бейімделген
«Домино»

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады. Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.

Жұмбақтарды шешіп, қай ағза туралы айтылғанын анықтаңыз
Мен – шөл дала тұрғынымын, жапырағым жоқ, тікенім көп. Күн ыстықта суымды сақтаймын. Мен кіммін?

Қалың тоным бар, қыста ақпын, жазда қоңыр түске ауысамын. Мен кіммін?
Мен судың түбінде тіршілік етемін, бірақ бетіне жүзгенде мені байқамай қаласың. Менің терім ортаның түсіне қарай өзгереді. Мен кіммін?

Үй тапсырмасы: Ағзалардың белгілі абиотикалық жағдайларға бейімделуіне мысалдар келтіріңдер.

Made on
Tilda