§59. Адамның табиғаттағы рөлі

Адамның табиғатқа әсері үнемі артып отырады. Ол табиғатқа жағымды әсер етумен қатар, зиянды да әсер етеді. Қоршаған орта – ауа, су, топырақ тез ластанады. Атмосфераға жинақталған көмірқышқыл газының көп мөлшері ауаға бөлінеді. Нәтижесінде жылыжайлық әсері (парниковый эффект) пайда болды.
Дүниежүзілік тұқым қоры
2008 жылы Шпицберг (Норвегия) аралында құрылған. Оның негізгі мақсаты – жаһандық апат болған жағдайда өсімдіктердің жабайы түрлері мен мәдени іріктемелерінің генетикалық әртүрлілік ақпаратын сақтап қалу.
Сақтағыш сейф – ұзындығы 120 метр болатын жерасты тоннель. Онда үнемі –18С температура тұрақты сақталады. Тұқымдар герметикалық контейнерлерде орнатылған арнайы қапшықтарға салынып, сөрелерде сақталады. Өсімдіктердің әр түрінің тұқымдар топтамасы 50 данадан тұрады. Қазіргі кезде ол жерде жарты миллиондай тұқым сақталуда. Жалпы 4,5 миллиондай тұқым сақтауға орын жетеді. Тұқымдарды сақтаудың ресми жарамдылық мерзімі – 10000 жыл.

"Табиғатты қорғаудың маңызы" тақырыбына 120-150 сөзден тұратын эссе жазу

Made on
Tilda