Ферменттер - тірі организмдерде жүретін химиялық реакциялардың арнайыланған тиімділігі жоғары катализаторлары ретінде әрекет ететін, табиғаты нәруыз болып келетін заттар.
Ферменттер туралы ғылым - энзимология деп аталады
XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда болды.
К.С.Кирхгоф арпа дәндері мен мия сығындыларындағы заттардың әсерінен крахмалдың қантқа айналатынын анықтады. Бұл зат амилаза деп аталды.
Кейінгі жылдары катализдік белсенділігі бар басқа да заттар сипатталды. Олар "фермент" деп аталды.
Фишер тұңғыш рет фермент пен субстраттың өзара әрекетін зерттеп, ферменттердің арнайылығының теориясын (кілт-құлып) тұжырымдады. Аталған теорияны басқаша "қатты матрица" теориясы деп атайды. Бұл модельге сәйкес белсенді орталықтың қатты құрылымы субстраттың молекулалы құрылымына сәйкес болады.
Кошленд ұсынған индукциялы сәйкестік моделіне ферменттің белсенді орталығы барынша икемді және субстратпен байланысқанда өзінің конформациясын өзгерте алады.
Иммобилизация - ферментті кейбір ерімейтін тасымалдаушыға бекіту.
Ферментті иммобилизациялау әдістері:
Тасымалдаушыда адсорбциялану
Бейорганикалық материалдар, табиғи полимерлер, синтетикалық полимерлер тасымалдаушы бола алады.
Агар-агар геліне, альгинаттарға, каррагинанға қосылу
Фермент молекулалары гельдің саңылау тесіктерінде болады. Гель субтрат молекуласы мен реакция өнімдері үшін өткізгіш болады.
Тасымалдаушымен ковалентті байланысу
Полимерлік материал тасымалдаушы болады. Оның молекулалары ковалентті байланыс құрады.
Фермент молекулаларын бифункционалды реагенттер көмегімен көлденең "тігіп тастау"
Еркін қозғалатын фермент молекулалары реагент көмегімен қосылады.
Тасымалдаушыдан кейін көлденең "тігіп тастайтын" адсорбциялану.
Бұл әдіс өзіне бірінші және төртінші әдістерді қосады.
Жартылай өткізгіш капсулаларға қосылу
Капсуланың ішінде ферменттің коллоидті ерітіндісі болады. Капсуланың сыртқы қабығы өте берік, ферментті өткізбейді, бірақ өнім мен субстрат үшін өткізгіш.
Матрица полифункционалды реагентті және ферментті сополимерлеу арқылы жасалады
Екінші және төртінші әдістің қосылуы.
Физикалық араласу
Фермент пен тасымалдаушы ұнтағының араласуы. Әдіс өте қарапайым және тұрақсыз. Фермент тасымалдаушыдан сылынып, ерітіндіге өтуі мүүмкін.
Үйге тапсырма: Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесу типтерін ажырату