11-с. 5-тақырып
Генетикалық кодтың қасиеттері: Үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптылығы, бірін-бірі жаппайтыны

Ген - организмнің тұқым қуалау ақпаратының бірлігі. Адамда 25-30 мыңға жуық ген болады.

Генетикалық кодқа қатысты маңызды тұжырымдар
1961 жылы М.Ниренберг пен Г.Маттей алғаш рет код терминін түсіндірген.
Генетикалық код 20 аминқышқылының көмегімен жазылған нәруыздық мәтін
Үшөрімділік (триплеттілік) - әр аминқышқылына нуклеотидтердің үштігі сәйкес келеді. Жалпы 64 кодон бар. Олардың 61-і өзіндік мәнге ие, ал 3-еуі мәнсіз (терминациялаушы, стоп-кодондар).
Стоп-кодондар - гендердің арасындағы триплетті тыныс белгілер. Олар бір полипептидтік тізбектің аяқталғаны жөнінде белгі белгі беріп отырады.

Есеп: ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтер тізбегі: ГТТ-ЦГТ-ААГ-ЦАТ-ГГГ-ЦТ. Мутация нәтижесінде екінші және алтыншы нуклеотидтер бір уақытта жоғалады.


ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтердің жаңа тізбегін жазыңыз. Одан аРНҚ-дағы нуклеотидтердің ретін және полипептидтегі аминқышқылдарының орналасу ретін анықтаңыз. Тапсырманы орындау үшін генетикалық код кестесін пайдаланыңыз.

ШЕШУІ

  • Есепте берілген ДНҚ тізбегін қайта жазу керек, содан кейін жетіспейтін нуклеотидтерді сызып тастап, бәрін қайта жазу керек.

Г Т Т - Ц Г Т - А А Г - Ц А Т - Г Г Г - Ц Т

Нуклеотидтері түсіп қалған жаңа тізбек: Г Т Ц - Г А А - Г Ц А - Т Г Г - Г Ц Т

  • Келесі қадам: аРНҚ құрастыру және генетикалық кодты пайдалана отырып, аминқышқылдарының тізбегін жасау.


Комплементарлық принцип (Т=А, А=У, Г=Ц) бойынша ДНҚ тізбегінен ақпараттық РНҚ-ны жазып шығамыз:

аРНҚ: ЦАГ-ЦУУ-ЦГУ-АЦЦ-ЦГА

Гли-Лей-Арг-Тре-Арг

Үйге тапсырма: №2 ЕСЕП

ДНҚ тізбегіндегі бір бөлігіндегі тізбек: ТЦААТГЦАГГТЦ.


  • аРНҚ-дағы нуклеотидтер тізбегін және сәйкес полипептидтегі аминқышқылдарының орналасу ретін анықтаңыз.
  • ДНҚ тізбегінің бірінші триплетінде үшінші нуклеотид екі еселенсе ақуыз құрылымы қалай өзгеретінін түсіндіріңіз. Тапсырманы орындау үшін генетикалық код кестесін пайдаланыңыз.








ШЕШУІ. ТЦААТГЦАГГТЦ аРНК: АГУ-УАЦ-ГУЦ-ЦАГ


генетикалық код бойынша бұл амин қышқылдары: Сер-Тир-Вал-Глн.


Егер үшінші нуклеотид екі еселенсе (бұл гендік мутация), онда нуклеотидтердің барлық тізбегі өзгереді, соған сәйкес ақуыздағы аминқышқылдарының реті де оның қасиеттерін өзгертеді.

Made on
Tilda