6-тақырып
хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері

Хлоропласт - жасыл пластидтер деген атаумен белгілі фотосинтез процессі жүзеге асатын өсімдік жасушаларының органеллалары.

Хлоропластар - жартылай автономды органоидтар. Олар эндосимбионтты теорияға сәйкес пайда болды деп қабылданады. Яғни, ертеректе хлоропластар өздігінен жеке ағза болған. Уақыт өте келе хлоропластар жасушамен симбиоз құрып, біртұтас ағзаға айналған. Бірақ хлоропластардың өз мембранасы сақталып, қазіргі кезде ол екі мембраналы ағза ретінде белгілі.
Хлоропластың химиялық құрамы
Су мөлшері - 75%
Құрғақ заттардың шамамен 75-80%-ы органикалық заттар
Құрғақ заттың 50-55%-ы нәруыздарға тиесілі
Тапсырма. Мәтінмен танысып шығыңыз.

Хлоропластар бактериялардың ұрпақтары болғандықтан, олар бактериялық ДНҚ-ны сақтайды. Дегенмен, олар органеллаларға айналды. Ағзаның басқа еркін тіршілік ететін организмді өзінің органоидіне айналдыратын нақты құбылыс эндосимбиоз деп аталады. Бұл жағдайда біріншілік эндосимбиоз бір жасушалы организмнің бактерияларды сіңіруі болып табылады. Оның прокариот немесе эукариот екенін айту қиын, өйткені бұл оқиғалар ядроның, яғни эукариоттардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал;екіншілік эндосимбиоз — бір жасушалы эукариотты организмнің хлоропластымен бірге басқа бір клеткалы эукариотты организмнің бөлшегіне айналуы.

3.1 Сурет бойынша хлоропласттың эволюциясын сипаттаңыз.


3.2 Хлоропластардың қосмембраналы болуының эволюциямен байланысын түсіндіріңіз.

Үйге тапсырма:

«Хлоропластың құрылымы» сызбасын құру

Made on
Tilda