Фотосинтездің жылдамдығы шектеуші факторлардың өзгеруіне байланысты жүреді. Мысал ретінде жарықтың қарқындылығы мен көмірқышқыл газының мөлшерін айтуға болады.
Жарықтың әсері.
Фотосинтез басталуы үшін жарықтандырудың төменгі шегі болады. Жарық қарқындылығының артуы фотосинтездің күшеюіне алып келеді. Жарықтандыру шегіне жеткенде, фотосинтез қарқындылығы өзгемейді. Жарықпен қанығу аймағы плато деп аталады.