11-с. 13-тақырып
Хемосинтез. хемосинтез және фотосинтез процестерін салыстыру

Хемосинтез - бактериялардың бейорнагикалық қосылыстарды тотықтыру есебінен СО2 сіңіруге негізделген қоректену типі.

Ғалымдардың пікірі

Хемосинтез - автотрофты қоректенудің ежелгі түрі, Тіпті, фотосинтезден ертерек пайда болуы мүмкін деген тұжырым бар.
Ашылу тарихы

Биологиялық құбылыс ретінде алғаш 1888 жылы С.Виноградский ашты. Ғалым кейбір бактериялардың (күкірт бактериялары, темір бактериялары, азоттандырушы бактериялар) химиялық энергияны пайдаланып, көмірсуларды бөле алатын қабілетін дәлелдеді.
Хемотрофтар
  • Темір бактериялары
    Лептотрикстер, сферотиллюстер, галлионеллалар, металлогениумдар жатады. Тұщы су және теңіз суқоймаларында тіршілік етеді.
  • Күкірт бактериялары
    Басқаша тиобактериялар деп аталады. Энергияны күкіртті тотықтыру арқылы алады
  • Азоттандырушы бактериялар
    Энергияны аммиак пен азотты қышқылдан алады. Азот айналымында маңызды рөл атқарады.
Үйге тапсырма: Тақырыптың тапсырмалар бөліміндегі №1 кестені толтыру
Made on
Tilda