11-с. 14-тақырып
Өсімдіктердегі заттар транслокациясы механизмі

Транслокация - еріген қоректік заттардың түтікшелі өсімдіктің бір бөлігінен екінші бөлігіне жылжуы. Оған топырақтан тамыр арқылы ксилема ұлпасына минералдар мен басқа да бейорганикалық тұздардың өтуі, қанттар мен басқа да органикалық қосылыстардың жапырақтардан өсімдіктің басқа бөлігіне флоэма ұлпасы арқылы жылжуы жатады.

Флоэма бойымен жүретін транслокацияның ерекшеліктері
Флоэма бойымен тасымалданатын еріген заттардың мөлшері өте көп
Траслокация жылдамдығы жоғары, әдетте 20-100 см/сағ.
Тасымалдау өте үлкен қашықтықта да жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, эвкалипттің ұзындығы 100 м.
Флоэманың салыстырмалы массасы үлкен емес.
Флоэма сұйықтығы гүлді өсімдіктерде диаметрі 30 мкм болатын сүзгі тәрізді түтікшелер арқылы тасымалданады.
Үйге тапсырма: "Флоэманың маңызы" тақырыбына эссе жазу
Made on
Tilda