Тірі организмдердің тіршілігіне әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта кұрамбөліктерін экологиялық фактор деп атайды. Мысалы, өсімдікке жарық, су, ауа, топырақ керек. Жарық аз болса, ол баяу өседі. Су көп болса, шіріп кетуі мүмкін. Бұл – экологиялық факторлар.