§20. Өсімдіктердің зат тасымалдауға қатысушы мүшелері
Өсімдіктердің зат тасымалдауға қатысатын мүшелері
Тамыр мен өркенөсімдіктерде зат тасымалдау қызметін атқарады.

Сабақ - өркеннің негізгі бөлімі, ең алдымен, тіректік қызмет атқарады. Фотосинтез процесесінің нәтижесінде жапырақта түзәлген органикалық заттар сабақтың бойымен тамырға және өсіп келе жатқан өркендерге тасымалданады.

Судың және минералды заттарды сіңіру тамырдың сору аймағындағы тамыр түктері арқылы жүзеге асады.


Өсімдіктердегі зат тасымалы

Өсімдіктерде су және минералды заттардың тасымалы

  • Су мен минералды заттар тамыр түктері арқылы сіңеді.
  • Олар ксилема түтіктерімен тамырдан жапыраққа дейін көтеріледі.
  • Тамыр қысымы және жапырақтағы булану (транспирация) бұл процесті қамтамасыз етеді.
  • Лептесік арқылы су буланады, бұл судың үздіксіз қозғалысын тудырады.
  • Жоғарғы ағыс шөптесін өсімдіктерде қысқа, ағаштарда ұзақ болады (шыршада – 30 м, эвкалиптте – 100 м дейін).
Өсімдіктерде органикалық заттардың тасымалы

  • Фотосинтез кезінде түзілген органикалық заттар (глюкоза, сахароза) флоэма сүзгілі түтікшелері арқылы тасымалданады.
  • Бұл процесс жапырақтан тамырға және өсімдіктің басқа мүшелеріне жүреді.
  • Органикалық заттардың төменгі ағысы өсімдікті барлық мүшелерінде қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
  • Флоэма арқылы қозғалысқа энергия (АТФ) жұмсалады.
Made on
Tilda