21-тақырып: Сабақ және тамырдың ішкі құрылысы

Сабақ пен тамырдың қызметі қандай?

Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.

Қызметі:
1) сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады;
3) органикалық заттар қорға жиналады;
4) көбеюге қатысады.

Тамыр — тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.

Термин

Анықтамасы

Тамыр оймақшасы

Тамыр ұшындағы қорғаушы бөлік, өсу нүктесін зақымданудан сақтайды.

Тамыр түктері

Суды және минералды заттарды сіңіретін тамырдың сору аймағындағы өсінділер.

Тін

Қоректік заттарды сақтайтын паренхималық ұлпа.

Ксилема

Су және минералдарды жоғары қарай тасымалдайтын өткізгіш ұлпа.

Флоэма

Органикалық заттарды төмен қарай тасымалдайтын өткізгіш ұлпа.

Өзектік сәулелер

Тамырдағы зат алмасуды қамтамасыз ететін радиалды бағыттағы жасушалар тобы.

Камбий

Тамырдың қалыңдауын қамтамасыз ететін бөлінгіш ұлпа.



Термин

Анықтамасы

Эпидермис

Сабақтың сыртқы қабаты, өсімдікті қорғап, судың булануын реттейді.

Тін

Сабақтағы қоректік заттарды сақтайтын паренхималық ұлпа.

Өткізгіш шоқтар

Су, минералдар және органикалық заттарды тасымалдайтын жүйе.

Ксилема

Судың және минералдардың тамырдан жапыраққа тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Флоэма

Органикалық заттарды жапырақтан басқа мүшелерге таратады.

Өзектік сәулелер

Сабақта орталық өзек пен қабық арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді.

Камбий

Сабақтың екінші реттік қалыңдауын қамтамасыз ететін бөлінгіш ұлпа.

Өзек

Сабақтың ортасындағы паренхималық ұлпа, қоректік заттар қоры болады.

Тапсырма
Екі дос – Асыл мен Берік – өсімдік туралы эксперимент жүргізді. Олар бір өсімдіктің тамыры мен сабағын мұқият зерттеді. Зерттеу барысында олар сабақтың жарыққа қарай қисайып өсетінін, ал тамырдың керісінше, төмен қарай бағытталғанын байқады. Алайда олар неліктен тамырдың төмен қарай өсетінін, ал сабақтың жоғары қарай жарыққа ұмтылатынын түсіне алмай, сенен көмек сұрады.
Сұрақ: Неліктен өсімдіктің тамыры топыраққа қарай, ал сабағы жарыққа қарай өседі? Асыл мен Берікке түсінікті етіп жауап бер.
Сторителлинг
Тірек сөздерді пайдалана отырып, қиял-ғажайып элементтері бар әңгіме құрыңыздар
  • Су мен минералдардың саяхаты

    Тамырдағы кішкентай су тамшысын кейіпкер етіп алып, оның тамыр түктерінен бастап жапырақтағы лептесікке дейінгі саяхатын әңгімелеңіз.


    Кейіпкерлер: Су тамшысы, тамыр түгі, ксилема түтігі, жапырақ.


    Сюжет: Су тамшысы ксилема түтіктерімен қалай көтеріледі? Оған тамыр қысымы мен буланудың қандай көмегі тиеді?


    Мақсат: Жоғарғы ағысты сипаттау.

  • Қанттың керемет сапары

    Жапырақта фотосинтезден кейін түзілген кішкентай қант молекуласын кейіпкер қылып, оның флоэма арқылы тамырға және басқа мүшелерге таралуын сипаттаңыз.


    Кейіпкерлер: Қант молекуласы, флоэма сүзгілі түтікшесі, өсімдік мүшелері.


    Сюжет: Қант молекуласы төменгі ағыспен қалай қозғалады? Неге бұл процесс энергияны қажет етеді?


    Мақсат: Төменгі ағысты түсіндіру.

  • Өткізгіш шоқтар патшалығы

    Сабақтың ішінде өмір сүретін өткізгіш шоқтарды (ксилема мен флоэманы) елестетіп, олардың өзара “жұмысын” патшалықтағы қызметтер сияқты бейнелеңіз.


    Кейіпкерлер: Ксилема – “Су жеткізуші сарбаздар”, Флоэма – “Қорек тасушы елшілер”.


    Сюжет: Екі ұлпа қалай бірге жұмыс істейді? Олардың рөлі не? Қандай қиындықтарға тап болады?


    Мақсат: Өткізгіш ұлпалардың құрылымы мен қызметін түсіндіру.

Made on
Tilda