22-тақырып. Атқаратын қызметіне қарай тамыр мен сабақтың құрылысындағы өзара байланыс

Тамыр мен сабақтың өзара байланысы қандай ?


Тамыр мен сабақ бірлесіп, өсімдікке қажетті заттарды тасымалдау мен қорғауға көмектеседі:

  • Тасымалдау жүйесі: Тамыр жерден су мен минералдарды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапырақтарға жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттар сабақ арқылы тамырға және басқа мүшелерге тарайды.

  • Қоректік заттардың алмасуы: Тамыр мен сабақ арасындағы алмасу арқылы өсімдік тіршілік процесін қамтамасыз етеді.
  • Тамырдың қызметі

    • Тамыр топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді.
    • Бұл заттарды сабақ пен жапырақтарға жеткізеді.
    • Тамырдың сабақты топырақтан алынған заттармен қамтамасыз ету қабілеті тамыр қысымы деп аталады.
  • Тамырдың өсуі және тармақталуы

    • Өсу барысында негізгі тамыр жуандап, жанама тамырлар түзеді.
    • Жанама тамырлар топырақтағы қоректену аумағын ұлғайтады.
  • Қосжарнақты өсімдіктердің ерекшелігі

    Қосжарнақты өсімдіктер мен кейбір сүректілерде негізгі тамыр жақсы жетілген.

    Сабақ пен тамырдың қосылатын жерін тамыр мойны деп атайды
  • Өркеннің құрылысы мен түрлері

    Сабақ, жапырақ және бүршіктен тұратын өсімдіктің жерүсті (кейде жерасты) бөлігі.
    Төбе бүршігі өркеннің ұшында, жанама бүршіктер жапырақ қолтығында орналасады.
    Жапырақ бекінген жер – буын, ал буындардың арасы – буынаралық.
    • Буынаралық қысқа болса – қысқарған өркен, ұзын болса – ұзарған өркен деп аталады.
  • Өркеннің негізгі бөлігі


    • Өркеннің осьтік бөлігі – сабақ.

    • Ағаштарда негізгі өркен – дің, бұталарда жанама өркендер – бұтақтар деп аталады.

    • Сабақтың пішіні әртүрлі: көтеріңкі, жатаған, шырмалғыш, бұрышты, дөңгелек, тығыз және т.б.
  • Өткен мен тамырдың өзара байланысы

    • Тамыр мен өркен бір-бірімен тығыз байланысты.

    • Тамыр өсімдікті сумен және минералды заттармен, өркен органикалық заттармен қамтамасыз етеді.

    • Тамырсыз өркен, өркенсіз тамыр тіршілік ете алмайды
Өркеннің түрөзгерістері
  • Жатаған өркен
    (жерүсті өркен)

    Жер бетімен немесе топыраққа өте жақын өседі. Түйіндерінде қосымша тамырлар мен өркендер пайда болып, жаңа өсімдіктер дамиды. Вегетативті көбеюге қатысады.


    Құлпынай

    Жатаған беде

    Жатаған шайқурай

  • Шырмалғыш өсімдіктер (жерүсті өркен)

    Өркені немесе мұртшалары басқа заттарға оралып, шырмалып өсетін өсімдіктер. Олар тірекке сүйеніп, жоғары көтеріледі.


    Асбұршақ

    Қияр

    Жүзім

  • Тамырсабақ
    (жерасты өркен)

    Жер астымен көлбей өсетін, буындары мен буынаралықтары бар түрөзгерген сабақ. Қоректік заттар жинайды және вегетативті көбеюге қатысады.


    Інжугүл

    Қазтабан

    Балдырған

  • Түйнек (жерасты өркен)

    Сабақтың жер астында жуандап түрөзгеруі нәтижесінде пайда болатын қоректік заттарға бай бөлігі. Қоректік заттар жинайды және көбейеді (көзшелері арқылы).


    Картоп

  • Пиязшық (жерасты өркен)

    Қысқарған сабақтың түбіне тығыз орналасқан шырынды жапырақтардан түзілген түрөзгерген өркен. Қоректік заттарды сақтайды және жаңа өркен дамытады.


    Пияз

    Сарымсақ

    Лалагүл

Тапсырмалар
  • Төмендегі түрөзгерістер мен сипаттамаларды сәйкестендіріңіз


    а) Тамырсабақ –
    б) Түйнек –
    в) Пиязшық –
    г) Жармасушы өркен –
    1. Көбейетін шырынды жапырақтары бар қысқарған сабақ.
    2. Жер астында көлденең орналасқан түрөзгерген сабақ.
    3. Тірекке оралып, өсімдікті жоғары көтеретін өркен.

    4. Қорек жинайтын, “көзшелері” бар жуандаған сабақ.

  • Толықтырыңыз


    Картоптың түйнегіндегі көзшелер – бұл _________.

    Пиязшықта қоректік заттар _________ арқылы жиналады.


  • Артығын тап



    а) Түйнек, Тамырсабақ, Пиязшық, Ксилема

    б) Асбұршақ, Жүзім, Құлмақ, Картоп

    в) Пияз, Сарымсақ, Лалагүл, Құлпынай

  • Дұрыс/Бұрыс


    Түйнек – бұл түрөзгерген тамыр.
    Пиязшықтың шырынды жапырақтары қоректік заттарды сақтайды.
    Тамырсабақ тек жер бетінде өседі.
    Жармасушы өркен өсімдікті тірекке жабыстырады.
Made on
Tilda