23-тақырып. Ксилема және флоэма элементтерін салыстыру


Ксилема және флоэма дегеніміз не?

Ксилема мен флоэма – өсімдіктің өткізгіш ұлпалары. Ксилема су мен минералды заттарды тамырдан сабақ арқылы жапыраққа тасымалдайды және негізінен өлі жасушалардан тұрады. Ал флоэма жапырақта түзілген органикалық заттарды өсімдіктің барлық бөліктеріне таратады және тірі жасушалардан құралған. Екеуі бірге өсімдіктің ішкі тасымалдау жүйесін қалыптастырып, заттардың жоғары және төмен ағысын қамтамасыз етеді. Осылайша, өсімдік тіршілігі үшін су, минералдар және қоректік заттар үздіксіз қозғалыста болады.

Ксилема

Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі.

Флоэма

Сүзгі тәрізді жасушалар ұзынша, ұшы сүйірленген. Оның серік жасушалары болмайды, майда саңылаулары жасуша қабықшасының жан-жағына орналасқан. Сүзгілі түтік жасушалары тірі, бірінің үстіне бірі қаланып жатқан жасушалар көлденең перделерінде сүзгітәрізді көптеген майда тесіктері болады, сол арқылы көршілес орналасқан жасушаларға органикалық қорек заттары өтеді.

Ксилема мен флоэма туралы қызықты мәліметтер
Табиғи "лифт"
Ксилема арқылы су кейде 100 метр биіктікке дейін (эвкалипт сияқты ағаштарда) көтеріледі. Бұл тамыр қысымы мен жапырақтағы буланудың бірлескен күшімен жүзеге асады.
Тірі және өлі тасымалдаушылар
Ксилема өлі жасушалардан тұрады, бірақ су мен минералдарды тасымалдау кезінде өте тиімді. Ал флоэма тірі жасушалардан құралған және қанттар мен органикалық заттарды екі бағытта да тасымалдай алады.
Өсімдіктің "қан тамырлары"
Ксилема мен флоэма өсімдіктің “қан тамырлары” сияқты қызмет атқарады: бірі суды және минералды, екіншісі – органикалық заттарды жеткізеді.
Ксилема шырыны
Қайың шырыны – бұл ксилема арқылы көктемде көтерілетін су мен минералдардың қоспасы.
Үлгіге қарап, оқулық мәтіні бойынша ақыл картасын құрыңыз

Белгілері

Флоэма

Ксилема

1

Сабақтың қабығының тінінде орналасқан



2

Сабақтың сүрегінде орналасқан



3

Жасушасы өлі



4

Жасушасы тірі



5

Сосудтар, трахеидтер



6

Сүзгілі түтікшелер



7

Су және минералды заттарды тасымалдайды



8

Органикалық заттар тасымалдайды



9

Тамырдан жоғары қарай сабақ пен жапыраққа заттарды тасымалдайды



10

Жапырақтан сабақ арқылы заттарды тамырға тасымалдайды



11

Трахеида – ұзын, қабықшасы қатаңдаған, өлі жасушалар



12

Трахея – ұзын түтік тәрізді жасушалар, тірі



13

Төменгі ағыс жолын қамтамасыз етеді



14

Жоғарғы ағыс жолын қамтамасыз етеді



15

Сүзгілі түтік жасушалары тірі, қабықшасы жұқа, цитоплазмасы және ядросы жоқ немесе серік жасушасы бар



Made on
Tilda