Жапырақ өсімдіктің маңызды мүшесі ретінде фотосинтез, газ алмасу және су буландыру қызметтерін атқарады. Оның құрылысы әртүрлі жасушалардан тұрады, бұл әрқайсысына белгілі бір функцияны атқаруға мүмкіндік береді.
Сағақты жапырақ
Сағақсыз жапырақ
Жай жапырақ
Күрделі жапырақ
КҮРДЕЛІ ЖАПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ
Үшқұлақты күрделі жапырақ
Саусақсалалы күрделі жапырақ
Таққауырсынды күрделі жапырақ
Жұпқауырсынды күрделі жапырақ
Қызықты деректер
Қауіпсіздік үшін өзгерген пішіндер
Кактустардың «тікенектері» да шынында жапырақ. Олар суды үнемдеу және шөпқоректілерден қорғану үшін жапырақ пішінін түбегейлі өзгерткен
Гидрофильді жапырақ
Суда өсетін өсімдіктердің (лотос сияқты) жапырақтары дөңгелек әрі су өткізбейді. Олардың бетінде микроскопиялық түктер су тамшыларын сырғытып түсіреді
Жапырақ арқылы климатты болжау
Ботаниктер өсімдіктің жапырақ жиектеріне қарап климатты анықтай алады: суық аймақ өсімдіктерінде жиектері тісті (транспирацияны арттыру үшін), ал жылы аймақтарда жиектері тегіс
Секунд сайын буланатын жапырақ
Үлкен жапырақтар күндізгі уақытта секундына 1000-ға жуық су тамшысын буландырады. Сондықтан тропикалық ормандарда ылғал өте жоғары болады
Сөйлемдерді жалғастырыңыз
Тиісті сөзді қой:
Ине тәрізді жапырақтар негізінен ___________ өсімдіктерде кездеседі. Тропикалық өсімдіктерде жапырақтар ірі болады, себебі ___________. Жүрек тәрізді жапырақтар мысалдары: ___________, ___________.
Артық сөзді тап:
а) Ине тәрізді, жүрек тәрізді, ланцет тәрізді, қылқан б) Жұмыртқа тәрізді, пішіні ине тәрізді, пиязшық, саусақ салалы в) Лотос жапырағы, шырмауық жапырағы, кактус тігісі, жусан жапырағы
Дұрыс/Бұрыс:
Жапырақ пішіндері климатқа бейімделудің бір көрінісі.
Барлық жапырақтар тегіс жиекті болып келеді.
Кактус инесі – түрөзгерген жапырақ
Өз өсімдігіңді ойлап тап:
Жаңа климатта өмір сүретін өсімдік ойлап тауып, оның жапырақ пішінін сипаттап бер. Неге ол пішін тиімді екенін дәлелде